Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Ғарыштағы қаралы күн

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білесіз бе, ғарышкерлер ешқашан 24 қазанда ғарышқа ұшпайды. Себебі бұл күн кеңестік ғарыш тарихында «қаралы күн».

Ғарыштағы қаралы күн

Сурет ашық дереккөзден алынды

1960 жылдың дәл осы күні Байқоңыр ғарыш айлағында тәжірибелік «Р» зымыраны жарылып, алапат апат болған. Бір сәт­те от шарпыған алаң күлге айналып, 72 адам қаза тауып, 16 адам ауыр жараланған. Бұл оқиға ғарыш саласының ең үлкен қасі­реті­нің бірі саналады. Содан бері 24 қа­зан күні Байқоңырда ұшырылым болмайды. Тіпті маңызды іс-шара жоспарлаудың өзіне тыйым салынған. Ал ғарышқа ұшатын күннен бір күн бұрын міндетті түрде қаралы күнді еске салатын фильмді тамашалайды.