Қоғам • Кеше

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық Chery компаниясы өздерінің жаңа автомобильін жарнамалау мақсатында, Тяньмэнь тауында түсірілім жасайды. Сценарийге сәйкес, Fengyun X3L SUV кроссовері «Әуеге апарар жол» баспалдағымен жоғары қарай өрлеп жүруі тиіс болған, деп жазады Egemen.kz

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

Алайда көлік өрге қарай шыға алмай, артқа құлдилап кетеді. Сөйтіп, қоршауға соғылады. Енді автокомпания осы үшін өтемақы төлеуі мүмкін. Осы оқиғадан соң компанияға деген сенім де күрт төмендеген деп жазып жатыр сарапшылар.

«Әуеге апарар жол» баспалдағының жалпы ұзындығы – 300 метр. 999 белестен тұрады.

Сынақтан өтуі тиіс болған электрлі жол талғамайтын көліктің қуаты толық жетекті екен. Соған қарамастан ол жоғары қарай шыға алмай қалған. Оқиғаның видеосы тарап кеткеннен кейін әлеуметтік желіде көлік пен компания жаппай сынға ұшырады. Бұл әрине, автомобиль нарығында енді-енді әлеует жинап келе жатқан компания беделіне көлеңке түсірді.

Chery Automobile компаниясы бүгін тарихи орынды бүлдіргені үшін кешірім сұраған. Компания өкілдерінің айтуынша, апат сақтандыру арқанының ажырап кетуінен болған. Арқан автокөліктің оң дөңгелегінің астына түсіп, оратылып, сырғанауға себеп болған.