Фото: istockphoto.com
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның хабарлауынша, бағытқа жоғары деңгейлі жайлылыққа ие «Тальго» құрамдары шығарылмақ. Билеттердің бағасы мынадай: 7876 теңге – отыратын орын, 28 437 теңге – купе, 30 236 теңге – люкс. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы орындар қарастырылған, оларға 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.
«Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар дәл осы күні Алматы – Ташкент бағытында жаңа «Тальго» пойызы жолға шығады. Ол күн сайын қатынайды.