Жасанды интеллект • 13 Қараша, 2025

Атырауда бағдаршамдарға жасанды интеллект жүйесі енгізілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақылды бағдаршамдар» жобасы Атырау қаласында іске асырылып жатыр. Жоба заманауи технологиялар мен ЖИ элементтерін пайдалана отырып, қала көшелеріндегі қозғалысты тиімді реттеуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда бағдаршамдарға жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Фото: ІІМ

Қазіргі уақытта бағдаршамдар сынақ-тестілеу режімінде жұмыс істеп жатыр. Осы кезеңде қала тұрғындары тарапынан кейбір қиылыстарда қосымша бағыттауыш жасыл жебелер мен «жасыл плюс» сигналының болмауына байланысты ұсыныстар мен ескертпелер түсіп жатыр.

Аталған ұсыныстар ескеріліп, қосымша бағыттауыш жебелерді орнату жұмыстары Атырау қаласы әкімдігі мен қалалық полиция басқармасы тарапынан мердігер ұйыммен бірлесе отырып жүзеге асырылмақ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде қала аумағында 78 бағдаршам орнатылған: оның ішінде Азия жағында – 42 (соның 3-і жаяу жүргіншілерге арналған), ал Еуропа жағында – 36 (2-і жаяу жүргіншілерге арналған). Жоба аясында 160 мыңнан астам дерек жүйеге енгізіліп, арнайы талдау алгоритмдері арқылы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын оңтайландыру көзделіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар