Күні кеше Шымкент тұрғыны жүкті әйелдердің атына заңсыз 217 млн теңге төлем рәсімдеген. Қала прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде «У» есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкереледі. Талдау барысында аталған азаматша жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.
Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген.
«Айыпталушы жалған еңбек келісімдері мен бөгде тұлғалардың ЭЦҚ-сын пайдалана отырып төлемдерді алып келген. Олар кімдердің қолтаңбасы, кім көмектескен соларға ие болуға? Бұл оқиға кездейсоқ емес. Өйткені ЭЦҚ рәсімдеу және верификация процестері — дәл осы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесі арқылы өтеді. Яғни мұндай көлемдегі алаяқтық ішкі бақылау тетігінің істен шыққанын көрсетеді», деп жазды депутат.
Оның айтуынша, бірнеше ай бұрын дәл сол филиалда жүргізуші куәліктерін заңсыз сату фактісі бойынша ірі қылмыстық іс ашылғаны да жарияланды.
«Агенттіктің ресми ақпаратына сәйкес, 500-ден астам адам емтихан тапсырмай-ақ куәлік алған. «Қызметтің» құны – 150–400 мың теңге, ал ұйымдасқан топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Бұл жағдай да дәл сол жүйенің ішінде орын алған. Бір жерде – ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлемдер ұрланып жатса, екінші жерде – жүргізуші куәліктері ақылы түрде «сатылып» келген. Демек, мәселе — жеке қызметкерлерде емес, бақылау мен басқару жүйесінің әлсіздігінде.Ең сорақысы – ресми тергеуде көрсеткендей, Шымкент филиалында шетелде жүрген тұлғаның атына электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімделген, және бұл ЭЦҚ кейін Қазақстан аумағында белсенді пайдаланылған. Аталған ЭЦҚ компанияларды тіркеу, салық есептері, бухгалтерлік құжаттар мен мемлекеттік органдармен хат алмасуда, тіпті сот іс-қараларында пайдаланылған. Бұл — мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қауіпсіздік пен заңдылықтың айқын бұзылуы», дейді ол.
Депутат осы деректер негізінде Үкімет басшылығына депутаттық сауал жолдайтынын және тергеу нәтижелері мен жүйелік әлсіздіктерді жан-жақты қарауды талап ететінін айтты. Оның мақсаты — кінәлілерді ғана емес, жүйедегі түбіртекті ақауларды анықтап, оларды жою.