Фото: Ашық дереккөз
Breaking Rust – адам емес, музыкалық продюсер мен орындаушы рөлін қатар атқаратын жасанды интеллект жүйесі. Қазір оның Instagram парақшасында 35 мыңнан астам жазылушысы бар, ал Spotify платформасында ай сайынғы тыңдарман саны 2 миллионнан асады. Тіпті виртуалды әртіс ресми түрде тексерілген аккаунт иегері ретінде тіркелген.
Индиана университетінің музыкалық технологиялар кафедрасының доценті Джейсон Паламара Newsweek-ке берген сұхбатында: «әуен ырғағы қарапайым «stomp, clap, hey» форматында естілгенімен, оның артында өте күрделі жоғары технологиялық продакшн жасырынған», деді.
Сонымен қатар, сарапшы ән мәтінін «мағыналық тұрғыда әлсіз, бірақ техникалық тұрғыдан мінсіз» деп бағалады.
Соңғы уақытта ЖИ қатысқан әрбір жоба қоғам назарында. Мәселен, виртуалды актриса Тилли Норвудтың дебюті немесе Coca-Cola компаниясының жасанды интеллект көмегімен жасалған мерекелік жарнамасы үлкен пікірталас тудырды.
Тіпті әлемге танымал музыканттар жасанды интеллекттіні шығармашылықта қолдануды реттеуді талап ететін бастамаларды қолдап отыр. Бірақ бірқатар елдерде оны қолдануға шектеу қою туралы петициялар пайда болған.