Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 524,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 525,28 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 523,59 теңгеден сатып алынады, 530,59 теңгеден сатылады, ал еуро 604,35 теңгеден сатып алынып, 614,34 теңгеден сатылады. Рубль 6,42 теңгеден сатып алынады, 6,57 теңгеден сатылады, ал юань 74,95 теңгеден сатып аланып, 79,01 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 525,36 теңгеден сатып алынады, 526,88 теңгеден сатылады. Еуро 606,93 – 610,96 теңге, ал рубль 6,40 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,10 теңгеден сатып алынады, 76,63 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 11 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 525,28 теңге болды.