Фото: ©the-afc.com
44 жастағы маман Қазақстан құрамасынан ұсыныс алмағанын айтты, бірақ болашақ жоспарларымен бөлісті.
«Қазір Қазақстан құрамасынан ешқандай ұсыныс жоқ. Бұл ақпарат қайдан шыққаны белгісіз. Мүмкін, кейбір пікірталастар болған болар. Индонезияға келетін болсақ, бұл процесс сонда қарастырылып жатыр. Мен Индонезия құрамасын жаттықтыруға дайынмын. Қазір мен боспын, сондықтан ұсыныстарды күтіп отырмын. Сондай-ақ Түркия және Қытаймен де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір нақты бір нәрсе айту қиын. Егер тағдырымыз үйлессе жұмыс істейміз. Немесе мен өз елімде қалып, осында жұмысымды жалғастыруым мүмкін. Сондықтан әзірге алдын ала бәр нәрсе айту қиын», деді Кападзе ӨзА агенттігіне берген сұхбатында.
Кападзе 2025 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың 6 қазанына дейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері болды. Осы уақытта ол құрамамен 9 матч өткізді: 5 жеңіс және 4 тең ойын. Оның басшылығымен Өзбекстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Биыл қазан айында Өзбекстан футбол ассоциациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне итальян маманы Фабио Каннавароны тағайындады.