Оқиға • Бүгін, 11:57

Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған облыстың Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келіп, оларға  Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді

Фото: Облыс әкімдігі

Бұдан бөлек жас отбасының 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.

Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидеханов көпбалалы отбасыны құттықтап, естелік сыйлығын тарту етті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы – 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

«Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Ана мен сәбилердің жағдайы жақсы», делінген хабарламада.