Футбол • Кеше

Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы матчқа дайындық үстінде (видео)

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгияға қарсы матчқа толық құрамда дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы матчқа дайындық үстінде (видео)

фото: ҚФФ

«Біз толық құрамдамыз! Толыққанды дайындықты бастадық. Бельгиямен ойынға дейін төрт күн қалды», делінген ұлттық құраманың ресми Instagram парақшасында жарияланған жазбада.

Еске салайық, Қазақстан – Бельгия кездесуі 15 қараша күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.