Фото: Хромтау ауданы әкімдігінің сайты
Облыстық соттың мәліметінше, қала әкімі пара алды деген күдікке ілінген.
«Сот екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді. Өзге ақпарат жария етілмейді», деп мәлімдеді аталған соттың баспасөз қызметі.
40 жастағы С.Шабықбаев 2023 жылғы қыркүйекте Хромтау қаласының әкімі болып сайланған. Оны аудан орталығының тұрғындары дауыс беру арқылы таңдаған.
Бұған дейін ол Ақтөбе облысы аудандарының әкімдіктерінде қызмет атқарған, 2018 жылдан 2023 жылға дейін Хромтау қаласы әкімінің орынбасары болған.