Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барды. Сапар 11 қарашадан 12 қарашаға дейін созылады.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен келіссөздерге қатысып, сондай-ақ онлайн форматта Оралда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Президент Тоқаев «Российская газета» бетінде жарияланған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласында сапарының негізгі мақсаты ретінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы Декларацияға қол қоюды атаған еді.