Марапат облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, өз еңбегімен өңір дамуына үлес қосқан жастарды ынталандыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің дарынды, белсенді жастары қатысты.
«Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, жастар – ел болашағының айнасы. Сіздердің жетістіктеріңіз өңірдің ғана емес, бүкіл елдің дамуына серпін береді», деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров құттықтау сөзінде.
Байқауға 50-ден астам өтінім қабылданды. Қазылар алқасы сегіз аталым бойынша жеңімпазды анықтады. Атап айтқанда: Нұргүл Ахатқызы «Жас саясаткер», Инабат Мұханбедиярқызы «Жылдың жас көшбасшысы», Гүлім Аймағамбетова «Үздік жас кәсіпкер», Ардақ Жарқынбеков «Үздік жас өнерпаз», Бекжан Қабжанов «Жылдың спорт жұлдызы», Айнара Нұрғазиева «Жас ерікті – қоғам жанашыры», Назерке Сапарбек «Жас медиакөшбасшы», Жігер Еділбаев «Жылдың үздік жас еңбеккері» аталымдарына ие болды.
Жүлдегерлерге диплом, арнайы статуэтка және ақшалай сыйлық табысталды.
Ұлытау облысы