Өндіріс • Кеше

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі

50 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастырып отыр. Елордалық кәсіпкерлерге үш негізгі бағыт бо­йынша қолдау көрсетіп келеді. Олар – жеңілдетілген несие беру, кепілдік ұсыну мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі

Суретті түсірген – Игорь БУРГАНДИНОВ

Биыл қор ауқымды транс­формация жүргізіп, қолданыс­тағы құралдар­дың тиімді­лігін арттырды. Нәтиже­сінде, Астанадағы шағын және орта бизнес субъекті­леріне көрсетілетін көмек көлемі айтарлықтай өсті. Мәселен, маусым айында іске қосылған «Өрлеу» бағ­дарламасы арқылы кәсіп­керлер 12,6%-дық тұрақты мөл­шер­лемемен 10 жылға дейін несие ала алады. Осы бағ­­дарлама аясында елор­да­да жалпы сомасы 63,6 млрд теңгеге 109 жоба қаржыландырылды.

Кепілдік беру бағыты бо­йын­­ша да елеулі нәтиже­лер бар. Мемлекет басшысы­ның тап­сырмасымен іске қосыл­ған екі «Кепілдік қоры» арқылы биыл 290 жобаға 60,7 млрд теңге көлемінде қолдау көр­сетілді. Кепілдік несие сома­сының 85%-ына дейін жабылады. Сондай-ақ субсидиялау құралы арқылы 226 жобаға 38,9 млрд теңге көлемінде көмек берілді. Жалпы алғанда, Астана қаласы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдар­лама­лары бойынша рес­публикада көш бастап тұр.

«Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюктың айтуынша, жыл ішінде қор қолдауының арқасында 2,1 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 10,5 мың жұмыс орны сақталған. Бұл елордадағы жұмыспен қамтуды арттыру мен экономикалық белсенділікті ынталандыруға зор ықпал еткен.

Қолдау тапқан табыс­ты жобалардың қатарында «Tazau» ЖШС, «Yans» ЖШС мен «Татым» ЖК бар. Мәселен, «Tazau» су тазарту жүйелерін шығару өндірісін дамыту үшін 200 млн теңге несие алып, экологиялық технологияларды енгізуде. «Yans» кәсіпорны бір реттік ыдыстар мен қаптама­лар шығару өндірісін кеңей­туге 320 млн теңге несие мен 1,8 млрд теңге жеңіл несие рә­сім­деді. Ал «Татым» наубайханасы субсидия­лау бағдарламасы арқасында өндірісін жаңғыртып, өнім сапасын арттырды.

«Tazau» компаниясы тұр­мыстық, жауын-шашын мен өнеркәсіптегі ағын суларды тазартуға арналған шешімдерді әзірлеу мен өндіруге, сондай-ақ сыртқы инженерлік желілерге арналған жабдықтар шығаруға маманданған. «Tazau» он жылдан бері ТМД елдерінде табыс­ты жобаларды жүзеге асырып келеді. Кәсіби көзқарас, заманауи жабдық пен озық технология енгізудің арқасында кәсіпорын экологиялық қауіпсіздік пен орнықты даму саласындағы се­німді серіктес ретінде беделге ие.

Бір реттік ыдыстар мен қап­тамалар өндіретін отандық – «Yans» ЖШС ел бойынша сауда мен өндіріс ұйымдарына сапалы материалдарын жеткізеді. Ол ішкі нарықтағы өз позициясын нықтай отырып, еліміздің өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға елеулі үлес қосып отыр.

Мемлекеттік қолдаудың әр­түрлі табысты мысалдары мем­­­­лекеттік бағдарламалар мен құ­­рал­дардың өнеркәсіптік өн­діріс пен қайта өңдеу салаларынан бастап азық-түлік және тағам технологиялары салалары­на дейінгі кең ауқымды қамти­тынын айқын көрсетеді.

р

Қолдау тетіктерін тиімді пайдалана отырып, шағын бизнесті дамытудың сәтті үлгісі ретінде «Татым» ЖК атап өтуге болады. Бұл – заманауи технологияларды пайдалана отырып, бірегей рецепттер бойынша эксклюзив нан түрлерін пісіретін отандық кәсіпорын. Ком­пания өз өнімінде отбасылық наубайшылық дәстүрі мен инновациялық өндірістік тәсілдерді шебер үйлестіріп, тұтынушыларға жоғары сапалы әрі ерекше дәмге ие нан өнімдерін ұсынып жүр.

Өткен жылы «Alatau City Bank» АҚ арқылы несие алғанда «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Татым» ЖК несиесінің пайыз­дық мөлшерлемесінің бір бөлігін Қор субсидиялап қолдау көр­сетті. Жоғары кәсібилік, дәстүр­ге адалдық пен жүйелі мемлекеттік қолдау­дың арқасында «Татым» ЖК ел нарығында сенімді әрі танымал нан-тоқаш өнімдерін өндірушінің бірі ретінде өз позициясын нығайтып, отандық тағам өнеркәсібі мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға үлес қосып жүр.

Қордың басқарушы директоры Нұрбол Жанабеков атап өткендей, «Даму» қорының бас­ты мақсаты – бизнесті қар­жылай қолдаумен қатар, ел экономикасының тұрақты да­муына және халықтың өмір сапасын арттыруға үлес қоса­тын кәсіпкерлік экожүйесін қалыптастыру.

«Даму» қорының қолдауы бүгінде Астана кәсіпкерлері үшін тек қаржылық демеу емес, инновация мен өндіріс жаңғыруының сенімді тетігіне айналып отыр.