Бұл көрсеткіш ел экономикасының тұрақты және сапалы өсімге бағыт алғанын айғақтайды. Өсу серпіні өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік сынды негізгі салалардағы оң динамика есебінен қамтамасыз етілді
Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының жетекші сарапшысы Нұрсұлтан Амантай мұндай өсімнің тұрақты әрі теңгерімді сипат алуына инвестицияларды ынталандыру және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың оң әсерін көрсететінін айтты.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі жылдық есеппен 6,4%-ды құрады, бұл қаңтар-қыркүйек кезеңіндегі деңгейден 0,1 пайыздық тармаққа жоғары. Өсімнің жеделдеуі экономиканың негізгі салаларындағы – құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және ақпараттық-коммуникациялық қызметтер – көрсеткіштердің жақсаруымен қамтамасыз етілді. Мұндай өсімнің тұрақты әрі теңгерімді сипат алуы инвестицияларды ынталандыру және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың оң әсерін көрсетеді, – деді сарапшы.
Құрылыс саласындағы нақты көлем индексі 15,1%-ды құрады (өткен айдағы 14,9%-бен салыстырғанда). Өсім ел бойынша жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларымен байланысты.
Сарапшы бұл бағыт халықтың өмір сапасын арттырумен қатар, құрылыс материалдарына сұранысты және өңдеуші өнеркәсіптің ілеспе салаларын дамытуды ынталандырып отырғанын айтты.
Экономикалық өсімге ең көп үлес қосқан құрылыс секторы болды – нақты көлем индексі 115,1%-ға жетті. Бұл көрсеткіш инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларының белсенді іске асырылуымен байланысты. Сауда саласы да ішкі сұраныс пен тұтынушылық белсенділіктің артуын көрсетіп, тұрақты өсімді (109%) сақтап келеді. Ауыл шаруашылығындағы айтарлықтай жеделдеу (105,4%-ға дейін) техника паркін жаңарту мен өнімділікті арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесі болып отыр. Ақпарат және байланыс қызметтерінің көлемінің 104%-ға өсуі экономиканың цифрландыру үдерісінің жалғасып жатқанын және телекоммуникациялық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді, – деді Нұрсұлтан Амантай.
Оның айтуынша, ЖІӨ өсімінің құрылымында өндіріс, инфрақұрылым және қызмет көрсету салаларының үлесі теңгерімді. Бұл экономиканың бір бағытқа тәуелді еместігін және әртараптандыру саясатының нақты нәтиже беріп жатқанын көрсетеді.
Экономиканың сапалы өсуі Үкімет саясатының тиімділігін және өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артуын дәлелдейді. ЖІӨ құрылымындағы өзгерістер өсім көздерінің әртараптандырылғанын және басымдықтың біртіндеп шикізат секторынан өңдеу мен қызмет көрсету салаларына ауысып жатқанын айғақтайды. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығының негізін қалыптастырады, – деді Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының жетекші сарапшысы Нұрсұлтан Амантай.
Қорыта айтқанда, Үкімет басым салаларды қолдау, инвестициялар тарту және жаңа өндірістерді дамыту арқылы экономикалық өсімнің сапасын арттыруға бағытталған Президент тапсырмаларын жүйелі түрде іске асыруда.
Қазақстан экономикасының 2025 жылдың 10 айындағы 6,4%-дық өсімі – бұл тек сандық көрсеткіш емес, сапалы дамудың дәлелі.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік сынды салалардың үйлесімді дамуы елдің ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашып отыр.