Астананың әуежайынан түсірілген видеоны заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желіге жариялады. Құқық қорғаушының айтуынша, Мұхтардың жағдайы тұрақты.
«Дәрігерлер емнің әсерін көру үшін кем дегенде 3 ай қажет екенін айтты. Сол уақыттан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, қалпына келтіру шараларын жалғастырады», делінген видеода.
Заңгер Ербаян Мұхтардың шетелде екі рет ем қабылдағанын атап өтті.
Еске салсақ, Ербаян Мухтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен. Оған бес ота жасалған, бірақ нәтиже болмаған. Жас жігіт қызмет атқарған Ұлттық гвардия бөлімшесінде ата-анасына оның дәретханада құлап, басын жерге соққаны хабарланған.
Алайда Ұлттық гвардия солдатты ұрған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған.
2025 жылғы ақпан айына дейін Ербаянның ісінде ешбір күдікті анықталмаған.