Kris_p_astana Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында №3 Байзақ колледжінің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында жасөспірім әкесінің автокөлігін зақымдаған, содан кейін оны шаруашылық құрылыстарының бірінен өлі күйінде тапқан. Көршілер мен отбасы таныстарының айтуынша, бұл отбасы жағдайы жақсы, үлгілі отбасы ретінде танылған: ата-анасы жұмыс істейді, үлкен балалары жоғары оқу орындарында оқиды, ал кенже қызы мектепке барады.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде бұл дерек бойынша абайсызда өлімге әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімге жеткізді. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеу мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына қатысты тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік мәселесі де қарастырылып жатыр. Себебі жасөспірімдердің атыс қаруына қол жеткізуі және түнгі уақытта қараусыз жүруі осы оқиғаға себеп болуы мүмкін екені айтылды.