Бизнес • Бүгін, 14:36

Қай банктер кәсіпкерлерге көбірек ақша беріп отыр?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан банктеріндегі заңды тұлғалардың депозиттері 19,2 трлн теңгеге жетті – бұл бір айда +3,3%, ал бір жылда +17,9% өсім. Бизнестің барлық депозиттерінің 87%-дан астамы сектордағы алғашқы топ-10 екінші деңгейлі банкке тиесілі. Заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы депозиттер көлеміндегі үлесі 42,1%, яғни соңғы үш жыл қатарынан 41-43% деңгейінде сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қай банктер кәсіпкерлерге көбірек ақша беріп отыр?

Фото: shutterstock.com

Көшбасшылар мен трендтер

Ең ірі банктер арасындағы айлық өсім бойынша абсолютті көшбасшы – Bank RBK: +12,5%, жалпы көлемі 956,2 млрд теңге. Салыстыру үшін, үздік он банктің орташа айлық өсімі небәрі 2,9% болған.

Жылдық өсім динамикасы бойынша да Bank RBK бірінші орында – +41,7%, ал топ-10 банк бойынша орташа өсім 16,1% деңгейінде. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің аталған қаржы институтына деген сенімінің артқанын және банк динамикасының тұрақты оң тренд екенін көрсетеді.

Айт акетелік, Bank RBK жеке тұлғалардың депозиттер портфелін бір жылда 12,4%-ға ұлғайтып, 608 млрд теңгеге жеткізген. Ал банктің жалпы депозиттік портфелі (жеке және корпоративтік) 28,7%-ға өсіп, 1,6 трлн теңгеге жеткен – бұл да сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

ranking.kz

Айлық өсім бойынша екінші орында – ForteBank (+11,2%, жылдық өсім – +23,1%). Үздік үштікті Citibank Kazakhstan түйіндеді: айлық өсім +7,9%, алайда жылдық көрсеткіш –5,8% төмендеген. Төртінші және бесінші орындарда Alatau City Bank (+7,3%) және Halyk Bank (+5,7%) орналасқан. Жалпы, үздік он банктің ішінде жеті банк айлық өсім көрсеткен.

ranking.kzБизнестің депозит түрлері

Қазақстан банктеріндегі бизнес депозиттеріне ағымдағы шоттар, мерзімді және жинақ салымдары, сондай-ақ заңмен белгіленген шартты депозиттер (мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы шоттары және т.б.) кіреді. Мұндай өнімдердің барлығы елдегі ірі банктердің депозиттік желісінде ұсынылады.

Ерекше өнімдер

Кейбір қаржы институттары бизнестің өтімділігін арттыру үшін ерекше өнімдер ұсынады. Солардың бірі – овернайт-депозит, яғни бар болғаны бір тәулікке қаражат орналастыру арқылы табыс табуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді депозит. Мұндай өнімді, атап айтқанда, өсім бойынша салалық көшбасшы Bank RBK ұсынады.