Теннис • Бүгін, 10:04

Александр Бублик алғаш рет 11-орынға көтерілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады, онда қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері анықталды, деп жазады Egemen.kz

Александр Бублик алғаш рет 11-орынға көтерілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 13-орыннан 11-орынға көтеріліп, мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бір апта бұрын ол 16-орыннан 13-сатыға көтерілген еді. Осылайша, Бублик әлемнің үздік ондығына бір қадам жақындады.

Қазір Турин қаласында өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші қосалқы ойыншы ретінде тіркелген.

Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Шевченко да рейтингтегі орнын жақсартып, 97-ден 95-сатыға көтерілді.

Жаңа тізімде испаниялық Карлос Алькарас италиялық Янник Синнерді басып озып, әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіп, бұл жетістікке қол жеткізген алғашқы азиялық теннисші болған еді.