«Премьер-министр мырза, мен сіздің үкіметіңіздің отставкасын қабылдаймын және жаңа құрам тағайындалғанға дейін өз міндеттеріңізді атқаруды тапсырамын», деді Петр Павел.
Сондай-ақ ол Фиаладан барлық министрліктерді жаңа үкіметке кедергісіз өткізіп беруді қамтамасыз етуді сұрады.
Петр Фиала бастаған үкімет Чехия парламенті депутаттар палатасының жаңа шақырылымының алғашқы отырысынан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, қазан айының басында Чехияда өткен парламент сайлауында «Азаматтардың наразылық акциясы» (ANO) партиясы жеңіске жеткен болатын.
Екінші және үшінші орындарды билік коалициясы «SPOLU» мен «Старостове» партиясы иеленді.
Сайлаудан кейін президент Петр Павел парламентке енген саяси партиялар мен қозғалыстардың жетекшілерімен кеңес өткізе бастаған.
Бұған дейін Чехияда сайлауда жеңіске жеткен партиялар коалиция құру туралы келісімге қол қойған еді. Оған ANO, SPD және Motorise қозғалыстары кірді.
Жаңа Чехия үкіметі желтоқсан айының ортасынан кешіктірмей жұмысын бастауы тиіс.