Фото: Ашық дереккөзден
Іс бірінші сатыда Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қаралып, ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедьяров 5 жылға, «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельник 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Апелляциялық кезеңде айыпталушылардың қорғаушылары сот үкімімен келіспейтінін айтып, сотталушыларды ақтауды сұраған. Олар өздері келтірген уәждер сот шешім шығарарда ескерілмегенін алға тартты.
Ал мемлекеттік айыптаушы алғашқы шешімнің күшін сақтауды сұрады.
Нәтижесінде Әділбек Мұхамедьяровқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылып, Александр Пекельниктің жәбірленушілер А. және А. есімді азаматтар пайдасына 7 миллион теңге төлеу туралы шешім күшін жойды.