Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен оған Абай ұлттық мектебі атауы берілді. Сондай-ақ, білім беру ұйымының тұжырымдамасы классикалық білім беруді ұлттық және халықаралық стандарттармен ұштастыра отырып, Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.
Басты мақсат - Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес бойына ұлттық құндылықтарды сіңірген, әлемдік бәсекеге қабілетті, терең білімді, бастамашыл, адал азамат тәрбиелеу.
«900 орынға арналған жаңа мектеп аумағында Оқушылар үйі де бой көтерді. Оған қоса, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған Абай мұражайы жұмыс істейді», делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінде.
Айта кету керек, бұған дейін Абай мектебіне оқушыларды қабылдау 8-сыныптан жүргізілсе, биылғы оқу жылынан бастап 7-сынып оқушылары да қабылдана бастады.