фото: theguardian.com
«2025 жылғы 06 қараша сағат 06:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі», делінген хабарламада.
Жылдамдықты қалпына келтіру 6 қараша күні сағат 15:00-де, ауа райы тұрақталып, жол қозғалысы қауіпсіз болған жағдайда жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қазақстандық жүргізушілерге бірнеше облыстағы қолайсыз ауа райы туралы ескертілді.
«6 қарашада Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу өңірлерінің кей жерлерде жаңбыр аралас қар және қар жаууы күтіледі», делінген хабарламада.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының нашарлауын ескеріп жүру ұсынылады.