Жобаның бірі – икемді полимерлі арматураланған құбырлар шығаратын инновациялық цех. 3,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған бұл жоба еліміздегі алғашқы локализацияланған өндіріс орны. Мұнай-газ, химия өнеркәсібінің қажеттіліктеріне бағытталған цехтың өндірістік қуаты жылына 300 шақырымға дейін құбыр өндіруге мүмкіндік береді. Болат пен сорап-компрессорлық құбырлардың ішкі бетіне антикоррозиялық жабын жағуға арналған екінші цехтың жобалық инвестиция көлемі – 5 млрд теңге, өндірістік қуаты жылына 600 шақырымға дейін құбыр өндіруге мүмкіндік береді. Өнім мұнай, газ бен жоғары қысымдағы химиялық сұйықтықтарды тасымалдау кезінде пайдаланылады.
– Мұндай өндіріс орындарының ашылуы өңірдің экономикалық дамуына серпін береді. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен жергілікті кадрлардың дамуына мүмкіндік. Ең бастысы, отандық өндірісті дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік тәуелсіздігін нығайтамыз, – деді облыс әкімі.
Екі жаңа жоба аясында 125 жаңа жұмыс орны құрылды, өндіріс толық іске қосылғанда тағы 25 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысы