Фото: istockphoto.com
Ол өз ұсыныстарының ішінен төмендегі 5 пункт қолдау тапқанын жеткізді:
«Егер несие клиенттің рұқсатынсыз берілсе және ол биометриялық тексеруден өтпесе, онда қарызды соттан тыс тәртіпте есептен шығаруға болады. Бұл тұрғыда қылмыстық қудалау органдарына өтінім тапсыру керек. Олар несие алаяқтық жолмен берілген деген қаулы шығарады. Осының негізінде қарызды есептен шығаруға болады», деді Мәдина Әбілқасымова.
Агенттік төрағасының айтуынша, кейінгі екі жылда банктер жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 1 500 несие бойынша 1 400 қарыз алушының берешегін соттан тыс есептен шығарған.
Мәдина Әбілқасымова бұған дейін биометрия тәртібін айналып өтіп, жалған несиелер тіркелгеніне де назар аударды.
«Мұндай жағдайға тап болған азаматтар алаяқтықты сот арқылы дәлелдеу керек. Осы орайда сот тәртібінде қарызды есептен шығару негіздерін айтарлықтай кеңейттік. Егер несие толығымен клиенттің келісімінсіз берілсе, ол міндетті түрде соттың қарауынсыз есептен шығарылуы шарт. Тиісті норма бар, оны іске асыру тәртібі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекітілді», деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.