Үкімет • Бүгін, 10:01

Қайтарылған активтер: Көкшетауда спорт кешені салынып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталып қалды. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтарылған активтер: Көкшетауда спорт кешені салынып жатыр

Фото: primeminister.kz

Олимпиадалық стандарттың сертификатталған құралдарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар аталған спорт кешенінде қарастырылғандықтан республикалық және әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Кешен аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын және жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары және жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром және мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық зал да қолжетімді болмақ.

Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.