Фотолар: ales.kz
Депутаттың айтуынша, бүгінде станса тәулігіне Екібастұздың күлі тұрғысынан зияны жоғары 80 вагон көмірін жағып отыр, бұл қаланың ауа сапасын нашарлатып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді.
«Келер жылдың 31 желтоқсанында ЖЭО-2 газбен жұмыс істейді. Бұл – үлкен ілгерілеу», деді Мәжіліс депутаты.
С.Пономаревтың сөзінше, Siemens тапсырысы бойынша турбиналар мен қазандықтар АҚШ-та жасалып, Атлант мұхиты мен Қытай арқылы Алматыға жеткізілген. Қазіргі уақыттта жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Энергетика министрлігінің бұрынғы мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Алматының ЖЭО-2 толықтай газға көшіп, қуаты 557 МВт-қа дейінгі парогазды қондырғы (ПГУ) іске қосылып, нәтижесінде зиянды нәрселердің шығарындылары жылына 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды.
Жобаның құны мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 388 млрд теңгені құрап отыр.