Фото: видеодан алынған скриншот
Соған сай «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабы бойынша жауапкершілікке тартылғандар, кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды.
Ішкі істер министрлігі жаңа түзетулерге сай жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталғанын да ескертіп отыр.
Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында 15 адам қыз алып қашпақ болған. Оның ішінде 7 фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Министрлік әр іс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың мән-жайы анықталатынын мәлімдеді.