Фотолар. Энергетика министрлігі
Энергетика ведомствосының мәліметінше, делегация Теджон қаласында Кореяның су ресурстары корпорациясы (K-water) дайындаған техникалық бағдарламаға қатысты. Бағдарламаға су-ресурстық саясат мәселелері, гидроэнергетиканың заманауи технологиялары, сондай-ақ орта ГЭС жобаларын іске асыру және қаржыландыру тәсілдері кірді.
Сапар аясында K-water интеграцияланған су ресурстарын басқару орталығына және Теджон көп мақсатты бөгетіне (Daecheong Dam) таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Korea Midland Power Co., Ltd. (KOMIPO), Korea South-East Power Co., Ltd. (KOEN), Korea Hydro & Nuclear Power Co., Ltd. (KHNP) және Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) компанияларымен кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанның оңтүстік-шығысында каскадты гидроэнергетикалық жобаны бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.
Аталған сапар Қазақстанның таза, сенімді, тұрақты энергетикалық жүйе құру жөніндегі жұмыстарына қосымша серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.