Фото: gov.kz
2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 43 мыңнан астам нысанға да қажетті жағдай жасау көзделген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын осындай объектілердің 20 пайызын бейімдеуді жоспарлаған.
2023 жылы Картадағы объектілердің – 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60% қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы нысанды бейімдеу көзделген. Салалық министрліктің мәліметінше, қазір ел бойынша 24 216 нысан толықтай бейімделген.
Оның ішінде Алматы қаласында 4323 нысанда қолайлы жағдай жасалған. 2027 жылдың соңына дейін 5611 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.
Салалар бойынша мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалған нысандар саны:
- денсаулық сақтау нысандары– 972;
- білім беру нысандары – 800;
- мәдениет нысандары – 42;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 115;
- спорт нысандары – 23;
- әлеуметтік қорғау нысандары – 8;
- көлік инфрақұрылымы нысандары – 3;
- ойын-сауық және демалыс орындары – 21;
- қоғамдық тамақтану – 347;
- сауда нысандары менойын-сауық орталықтары – 1 925;
- басқада нысандар – 67.
Биыл Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті Әлеуметтік кодексінің талаптарының орындалуын тексеру мақсатында 77 тексеріс жүргізген. Оның ішінде профилактикалық бақылау аясында – 9, жоспардан тыс – 58, прокуратура органдарының бастамасымен – 10 тексеріс жүзеге асырылған.
Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 48 нұсқама берілген. Сондай-ақ жалпы сомасы 5 млн 308,2 мың теңге болатын 13 әкімшілік айыппұл салынған. Бірлескен тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратураға 10 қорытынды ұсынылған.