Футбол • Бүгін, 10:22

«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі

Фото: Ашық дереккөз

Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, билеттердің бағасы Алматыда өтетін кездесулерге қарағанда арзан. Ең төменгі билет бағасы бар болғаны 5 еуро. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бұған дейінгі кезеңдерде айқын ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтың үздік клубтары арасында өз орнын қалыптастырып келеді. Миландағы матч қазақстандық футбол тарихындағы маңызды кездесулердің бірі болмақ.