Фото: Алматы әкімдігі
А.Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары Ұлттық банкте, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында қызмет еткен.
2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді. Сол жылы шілдеден 2019 жылы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болды.
2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді. 2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.