Заң • Бүгін, 11:11

Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 31 қазанда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі

Биыл елімізде мыңнан астам пәтерде 70 мыңға жуық адамның тіркелгені анықталған. Кейін олардың барлығының тіркеуі жойылып, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Алматы облысында бір азаматша өз пәтеріне бірден 154 шетелдікті тіркеп қойған.

ІІМ өкілі мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін заңнамаға түзетулер енгізіліп жатқанын айтты. Енді жалған тіркеу және тіркелген мекенжайда тұрмау фактілері үшін қазақстандықтармен қатар шетел азаматтарына да айыппұл салынады.

517-бапқа сәйкес, мұндай жағдайда 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.