Саясат • Бүгін, 09:07

Екіжақты кездесу өткізді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­ли­касының Мем­лекеттік кеңесшісі – Қазақ­станның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө­ніндегі ұлттық ко­мис­сиясының төр­ағасы Ерлан Қарин Өзбек­стан Респуб­ликасының Самар­қанд қаласында өтіп жат­­қан ЮНЕСКО Бас конферен­ция­сының 43-сес­сиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Екіжақты кездесу өткізді

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мир­зиёе­вамен болған кездесуде екі ел арасындағы, соның ішін­де ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысы­ның Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға бағыт­талған жаңа бастамалары туралы айтты.

Тараптар өңірлік бастамаларды ілгерілету, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра және Бүкіләлемдік мұралар тізімі аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның жуырда өкілеттігі аяқталатын Бас директоры Одрэ Азулемен болған кездесуде кейінгі жылдары Қазақстанның бірқатар ұсынысы (Тұран шөлдері, Беташар, Хандар шежіресі және т.б.) ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне, сондай-ақ 2024–2025 жылдары Б.Соқ­пақбаев пен Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматы қаласындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы алдағы 8 жылдық кезеңде өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Одрэ Азуле Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бас­тамалары мен Қазақстанда іске асырып жатқан реформалары маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың атынан халықаралық ынтымақ­тастықты нығайтуға әрі білім, ғы­лым және мәдениет салаларында Қазақ­станмен әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Одрэ Азулеге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.