Мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобаның негізгі мақсаты – жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану, қой басының генетикалық әлеуетін жақсартуға негізделген тұрақты әрі бәсекеге қабілетті шаруашылық моделін құру.
Қазір 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Жобаны сәтті жүзеге асыру өңірдің аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосып, өндіріс көлемін арттыруға, отандық қой шаруашылығының ішкі-сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ұлытау облысы