Жоба Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры мен Kazakh Tourism компаниясының серіктестігі негізінде дайындалған Қатонқарағай ауданындағы туризмді тұрақты дамыту жөніндегі Мастер-жоспардың бір бөлігі ретінде жүзеге асып жатыр.
Ағылшын тілінен сабақты екі шетелдік маман – филиппиндік Майкл Секарро Напал мен ганалық Ебенезер Йебоа Овусу береді. Сабақта туризм саласында қызмет көрсететін тұрғындарға базалық сөйлеу, өңірдің экожүйесі мен мәдени ерекшеліктерін ағылшын тілінде таныстыру дағдылары оқытылады.
Қатонқарағай кейінгі жылдары еліміздегітанымал экотуристік бағыттардың біріне айналды. Аудан аумағында туристерге арналған инфрақұрылым дамып келеді, жаңа әуежай құрылысы жүріп жатыр.
Қатонқарағайды тұрақты дамыту қорының міндетін атқарушы директоры Олжас Шәріпбековтың айтуынша, ағылшын тілін оқыту бағдарламасы – өңірде тұрақты туризмді дамыту стратегиясының бір бөлігі.
Ал шетелдік ұстаздар Қатонқарағайға «Ауыл балаларына арналған ағылшын тілі» жобасы аясында келген. Жоба нәтижесінде аудан тұрғындары шетелдік қонақтармен еркін сөйлесіп, қызмет сапасын арттырып, туризм арқылы жергілікті экономиканы дамытпақ. Сонымен қатар, бастама өңірдің табиғи және мәдени мұрасын сақтау ісіне де үлес қосады.