Қоғам • Бүгін, 18:38

Қоғамдық бақылаудың маңызы артты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ashyk kogam» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық бақылаудың маңызы артты

2023 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне атсалысуына мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылдауға бастамашы болғаны белгілі. Алайда, іс жүзінде оның нормалары кеңінен қолданылмады және жергілікті тұрғындардың біраз бөлігі бұл өзгеріс жөнінде ақпаратты жеткілікті алған жоқ. Осыған орай, «Ashyk kogam» қоғамдық қоры 2025 жылғы 23 қазанда Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді. Мақсат – заңның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көрсету және азаматтардың осы іске атсалысуға қызығушылығын арттыру. Мониторингке БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Ashyk kogam» қоғамдық қоры мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Олар азаматтарға қызмет көрсету сапасын, консультациялардың қолжетімділігін, сондай-ақ, салық органдарында қабылдау шарттарын бағалады. Іс-шара қорытындысы бойынша сервисті жақсартуға қатысты ұсыныстар дайындалды. Ашық дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, бұл іс-шара – БҚО-да «Қоғамдық бақылау туралы» заңды іс жүзінде қолданудың алғашқы үлгісі. «Ashyk kogam» қоғамдық қоры алдағы уақытта қоғамдық талқылау, сараптама, қашықтан мониторинг жасау немесе мониторинг тәсілдерімен қоғамдық бақылау іс-шараларын ай сайын жүргізу жоспарланып отырғанын айтады.