21 Наурыз, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

278 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында www.gosreestr.kz басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  компаниялар тобының активтерін сату бойынша электрондық конкурс өткізілуі туралы жариялайды Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-тың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-та тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін және объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік меншік реестрінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Регламент). Электрондық конкурсқа келесі активтер қойылады № р/с Активтің атауы Меншік иесі Қызмет түрі Орналасқан жері Бастапқы бағасы, теңге Кепілді жарна, теңге Аукцион қадамы Конкурстың шарты Ескертпе 1 «Ақ Берен» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотив-жөндеу» АҚ Жылжымалы құрамды жөндеу ОҚО, Түркістан қ., Абылай хан көшесі, 9 үй 275 982 000 82 794 600 2,5% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. Жалғыз сауда-саттыққа қатысушыға сатылады 2 «БАС-Балхаш 2004» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотив» АҚ Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу Қарағанды облысы, Балқаш-1 ст. 129 909 600 24 358 050 5% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. Жалғыз сауда-саттыққа қатысушыға сатылады 3 «Біржан-Атырау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотив» АҚ Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу Атырау облысы, Атырау қ., СМП-163 шағын ауданы 315 764 800 59 205 900 2,5% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. Жалғыз сауда-саттыққа қатысушыға сатылады 4 «Каскор-Транссервис» АҚ-тың 13,403% акция пакеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Теміржол көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызметі, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету, теміржол жолдарын жөндеу және салу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «б» шағын ауданы, 48-үй 648 090 900 108 015 150 1% Активті сатып алушы мүмкіндігінше келесі барлық шараларды қабылдауға міндетті: 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау; 2. Жұмыс орындарын 1 жыл бойы сақтау. Жалғыз сауда-саттыққа қатысушыға сатылады 5 «АТБ+» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Электр қозғалтқыштарды, катушкаларды, генераторларды жөндеу-орау. Дәнекерлеушілерді аттестаттау Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сержан Жаманқұлов көшесі, 4-үй, 2-корпус 99 448 800 18 646 650 7% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. Жалғыз сауда-саттыққа қатысушыға сатылады Саудаға қатысушыларды реестрдің веб-порталында тіркеу хабарлама реестрдің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004, «Қазкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілді жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілді жарнаның өлшеміне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді). Кепілді жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды. Кепілді жарналардың «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінім қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады. Саудаға қатысушыларға кепілді жарналардың кез келген санын төлеуге болады, бұл ретте кепілді жарна қатысушы саудаға қатысу үшін кепілді жарна төлеген объектіні сатып алуға ғана құқық береді. Саудаға қатысу үшін алдын ала реестрдің веб-порталында келесі мәлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірді (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірді(бұдан әрі – БСН), толық атауы және бірінші басшының тегі, аты әкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейлі банктің банктік есепшоты деректемесін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген мәлімдемелер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде реестрдің веб-порталында көрсетілген мәлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет. Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін реестрдің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған Регламентке сәйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінімді тіркеу керек. Конкурсқа қатысушылар конкурстың шарттарымен келіскендері туралы өтінімді келесі құжаттардың электронды (сканерленген) көшірмесін қосып тіркейді: 1) конкурсқа қатысушының қолы қойылған, арнайы веб-парақтағы электрондық конвертке жүктелген бағалық ұсынысын; 2) конкурстық ұсынысын; дерекқорының арнайы веб-сайтына 3) сауда жүргізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға және/немесе қатысушыларға ерекше және қосымша қойылған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ және/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсыну керек. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен және келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылу немесе белгіленген тәртіпте апостилдену қажет. Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін реестрдің веб-порталын қолдана отырып, кез келген уақытта төленген кепілді жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімнің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілді жарнасының түсуі туралы мәліметтердің барлығы туралы реестрдің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі. Егер «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтер бар болса, реестрдің веб-порталы өтінімді қабылдайды және қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, қатысушы активтер жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпаратты бөлмесіне құқылы. Назар аударыңыз! 1. Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның: 1) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – ПШЭП арқылы кепілді жарна төленгенде; 2) сауда басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын – кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тәртібімен төлеудің басқа әдістері реестрдің веб-порталы өтінімді қабылдаудан бас тартудың негіздемесі болып табылады. Автоматты тексерістің нәтижелері бойынша реестрдің веб-порталы қатысушының реестрдің веб-порталында көрсетілген электронды мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 2. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 3. Саудаға қатысу туралы өтінімге реестрдің веб-порталында орналасқан нысанға сәйкес саудаға қатысу ниеті туралы арызының сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Электрондық конкурсты өткізу тәртібі: Сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда басталу күні мен уақыты келгенде автоматты түрде реестрдің веб-порталымен конкурсқа қатысу өтінімдердің ашылуы жүргізіледі. Комиссия конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 күнтізбелік күндер ішінде берілген өтінімдерді (конкурстық және бағалы ұсыныстардан басқа) қарастырады және сауда туралы хабарлама және Регламент талаптарына қатысты анықталған сәйкессіздіктер (егер бар болса) туралы конкурсқа қатысушыға оның өтініміндегі электронды поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды. Хабарлама өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде қалыптасады, реестрдің веб-порталында 4 күнтізбелік күн ішінде комиссияның хатшысымен жинақталады. Өтінімдерді ашу хаттамасына ЭЦҚ қолдана отырып комиссияның мүшелері 5 күнтізбелік күндер ішінде қол қояды. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады: 1) өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия қол қойған күннен бастап 7 күнтізбелік тағайындалған күнде конкурсқа қатысушылардың өтінімін қайтадан ашу күні және уақыты. 2) конкурстың шарттарын қанағаттандыратын қатысушылар тізімі; 3) қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған, реестрдің веб-порталына қосымша өтінімді (конкурстық және бағалы ұсыныстардан басқа) беру арқылы қайта өтінімді ашу күніне дейін анықталған сәйкессіздіктерді жоятын, себебі көрсетілген конкурстың шарттарын қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі. Өтінімді ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (өтінімге деген ескерту жоқ болса) немесе өтінімді қайтадан ашу кезінен бастап комиссия өтінімдерді, конкурс ұсыныстарымен қоса қарастыра бастайды және реестрдің веб-порталына комиссия хатшысы жасаған рұқсат беру хаттамасына қол қояды. Аукционға қатысушының қатысуына рұқсат ету туралы комиссияның шешімі реестрдің веб-порталында конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға комиссия мүшелерінің барлығының ЭЦҚ-ны қолдана отырып, қол қойған күннен бастап жарияланады, байқауға қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электронды поштасына автоматты хабарлама жіберіледі. Қатысуға рұқсат ету хаттамасында келесі ақпарат болады: 1) себебі көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылар тізімі; 2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылар тізімі . Аукционды өткізу күні мен уақыты реестрдің веб-порталында екеуден кем емес қатысушыға рұқсат ету туралы комиссияның шешімі жарияланған күннен бастап автоматты түрде реестрдің веб-порталымен тағайындалады (сауда нысаны аукционсыз бір қатысушыға сатылатын үшінші және келесі саудадан басқа) тағайындалады. Аукционға жіберілген қатысушылар бір сағат ішінде реестрдің веб-порталы берген ЭЦҚ және аукцион нөмірін қолдана отырып аукцион залына кіреді. Аукционға реестрдің веб-порталы тағайындаған уақытта басталады және төмендегідей жүргізіледі: 1) аукцион басталған кезде аукцион бөлмесінде конкурсқа қатысушылардың өтінімінде көрсетілген баға ұсыныстары көрсетіледі, олар сатушы комиссиясы белгілеген бастапқы бағадан кем бола алмайды және ағымдағы баға қалыптасады; 2) аукцион басталған кезден бастап қатысушыға басқа қатысушының ең көп ағымдағы бағасын сатушы комиссиясы белгілеген және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі; 3) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукционның ешбір қатысушылары ең көп ағымдағы бағаны көбейтпесе, ұсыныс берген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал аукцион орындалды деп есептеледі; 4) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукцион бөлмесінде қатысушылардың біреуі объектіні сату жолымен ең көп ағымдағы бағаны өсіру арқылы өзінің иемдену көңілін білдірсе, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 5) егер ағымдағы бағаны арттырған соң жиырма минуттан кейін қатысушылардың ешбірі өзінің иемдену ниетін объектіні сату ағымдағы бағаны арттыру жолымен нақтыламаса, онда объектіні сату баға арттыру жолымен растаған қатысушы жеңімпаз болады, ал аукцион аяқталады. Аукцион басталған сәтте екі және одан артық қатысушының баға ұсыныстары сату объектісі үшін бірдей ең жоғары бағадан тұрса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғаймаған жағдайда осы қатысушылардың арасынан аукционның жеңімпазы болып өтінімі ұсыныстары бірдей ең жоғарғы бағадан тұратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын берілген қатысушы табылады. Әрбір сатылған объект бойынша конкурс нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдаланумен сатушы және жеңімпаз қол қояды. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттама конкурстың нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының веб-порталға шоғырланған тізілімде сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату үлгі шартына қол қою туралы міндеттемелерін бекітетін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтар нәтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды. Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.