Елорда • Бүгін, 13:35

Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Фото: istockphoto.com

«Қазіргі таңда 36–38 мың астаналық жаңа жұмыс кестесімен еңбек етіп жатыр. Бұл мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың, сондай-ақ коммуналдық саланың өкілдері. Нәтижесі қараша айының соңына қарай айқын көрінеді деп сенеміз», деді қала басшысы.

Әкімнің сөзінше, көлік қозғалысын реттеуге бағытталған бұл шарамен қатар қоғамдық көлікті дамыту жұмыстары да белсенді жүріп жатыр.

«Соңғы екі жарым жылда қаладағы автобус парктерін түгел аралап шықтым. Осы уақыт ішінде 800-900 автобус жаңартылды, бұл бүкіл автопарктің 40 пайызы. Келесі жылы тағы шамамен 400 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз. Халықты қоғамдық көлікті көбірек пайдалануға шақырамыз», деді Жеңіс Қасымбек.

Биыл автобустардың орташа қозғалыс жылдамдығы өткен жылмен салыстырғанда 3,5 шақырымға артқан. Егер былтыр тәулігіне шамамен 800 мың адам автобус қызметін пайдаланса, қазір бұл көрсеткіш 1 миллион 150 мыңға жеткен.