Спорт • Бүгін, 10:54

Еліміздің 8 боксшысы жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдесіне таласады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің 8 боксшысы жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдесіне таласады

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Тартысты бәсекелерде 8 қазақстандық боксшының мерейі үстем болып, финалға жолдама алды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, финалдық кездесулер 30 қазан өтеді. 

Жасөспірімдер Азиадасының «алтынына» Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) сынды отандастарымыз таласады.