Фото: gov.kz
Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды.
Пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға арналған кеңес береді.
Кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады.
Министрлік мұндай кабинеттерді алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.