21 Наурыз, 2015

САУДА-САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

280 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сатушы немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы) осымен «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания) акциялар пакетінің 100%-ын (бұдан әрі – Акциялар) сату жөніндегі екі кезеңді ашық конкурс тәсілімен сауда-саттықтың өткізілуі туралы хабарлайды Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтері мен объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың басталу күні: 2015 жылғы 24 сәуірде 10 сағат 00 минут (Астана уақыты). Сауда-саттықтың өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Акциялардың бастапқы құны: 5 280 328 000 (бес миллиард екі жүз сексен миллион үш жүз жиырма сегіз мың) теңге. Ашық екі кезеңді конкурстың айрықша шарттары: - Сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 1 күнтізбелік жыл ішінде Компания қызметінің бейінін сақтау; - жұмыс орындарын сақтау, сондай-ақ 1 күнтізбелік жыл ішінде Компанияның еңбек ұжымы қол қойған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету; - Компанияның қолданыстағы міндеттемелерін өтеуді қамтамасыз ету: сатып алушы Акцияларды меншігіне алған сәтке дейін Компанияға қаржылық көмек беру жолымен қолданыстағы кредитті өтеуге ақшалай қаражат беруге, қолданыстағы кредитті өзінің кепілдігіне алумен және/немесе Сатушымен келісілген басқа құрал-саймандарды қолданумен қайта қаржыландыруға міндетті; - Компанияның «СП «КазЭлектроПривод» ЖШС-мен 2013 жылғы 5 тамыздағы №229/ЮО жалға беру шарты жағдайларында 10 жылдан кем емес мерзімге тұрғын үй емес жайды жалға алу туралы шарт жасасуын қамтамасыз ету; - Сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 1 күнтізбелік жыл ішінде Акцияларды немесе олардың қандай да бір бөлігін иеліктен алмауға және кепілзатқа қоймауға; - 5 жылдың ішінде алты айда бір рет Сатушыға айрықша шарттардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнестің дамуы туралы мәліметтерді беру. Алдын ала ұсыныстың мазмұны. Алдын ала ұсыныста Компанияның ұсынылатын бизнес-жоспарының осы хабарламамен оларға қатысты ең төменгі көрсеткіштері көрсетілген критерийлер бөлігіндегі негізгі талаптар болуы тиіс. Компания қызметінің 5 жылдық кезеңге арналған бизнес-жоспары алдын ала ұсынысқа қосымша болып табылуы тиіс. Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері мен қойылатын ең төменгі талаптар. Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийі болып Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға үміткер тұлға ұсынатын бизнес-жоспар табылады. Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұруы тиіс: 1.Жылдарға бөлумен жақын 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялар көлемі; 2.Қаржылық көрсеткіштер: сату көлемі (ақшалай көріністік), жалпы табыс, таза табыс; 3.Жұмыс орындарын құру жоспары 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 4.Бюджетке болжамды аударымдар 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 5.Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу. Сауда-саттыққа қатысу үшін Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінішті және 330 020 500 (үш жүз отыз миллион жиырма мың бес жүз) теңге көлемінде Акцияларды сатып алу-сату шарты (бұдан әрі – «Шарт») бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан әрі – «Қамтамасыз ету») тапсыру қажет. Қамтамасыз ету: Сатушының шотына енгізілген кепілді жарна: БИН 020 540 003 431, БИК HSBKKZKX, ИИК KZ 376 010 111 000 018 002, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы. Кепілдік жарна көлеміне банк қызметтерін төлеу кірмейді; қайтарымсыз және сөзсіз банк кепілдігі: - ҚР резидент банктерінен, шетелдік валютадаға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол Standard&Poor’s бойынша «В»-дан төмен емес немесе Fitch «В-»-тан төмен емес немесе Moody’sInvestorsService бойынша «В3»-тен төмен емес немесе бас ұйымның (оған ҚР резидент банкі акцияларының 50%-дан артығы тиесілі) рейтингі Standard&Poor’s бойынша «BВB» немесе Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2». Бұл норма акциялар пакетінің 50%-дан артығы «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі банктерге қолданылмайды; - ҚР резиденті емес банктерден, шетелдік валютадаға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол по Standard&Poor’s бойынша «ВВВ»-дан төмен емес, Fitch бойынша «ВВВ», Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» болуы мүмкін. Бір рейтингтен артық болған кезде есепке олардың ең азы қабылданады. Банк кепілдігі тиісті банктің Сатушының атына жазған хатымен расталуы тиіс. Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркеу үшін: 1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім. Өтінім сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның Шарт жобасына және Конкурстық өтінімге сәйкес Сатушымен Шарт жасасу міндеттемесін тікелей қарастыруы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімде Акцияларды сатып алу жөніндегі алдын ала ұсыныстар болуы тиіс; 2) жеке тұлғалар үшін: - нотариалды куәландырылған төлқұжаттың немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; - ағымдағы шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 3) заңды тұлғалар үшін: - барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі; - заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі; - растаушы құжаттар көшірмелерінің нотариалды куәландырылған немесе расталған (қолдануға болса) көшірмелерін қоса тіркеумен сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалардың барлық түпкі бенефициарлары туралы мәліметтер; - банктік шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 4) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімге қол қоюшының жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 5) акционерлік қоғамдар үшін – Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен ерте емес күндегі жағдай бойынша сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы; 6) шетелдік заңды тұлғалар үшін - Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан бұрын емес берілуі тиіс құрылтай және тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырылған немесе расталған көшірмелері; 7) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар; 8) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның персоналдың біліктілігін қоса алғандағы қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректер бар құжаттар; 9) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның қолданылатын заңнамамен және оның құрылтай құжаттарымен қарастырылған, мұндай тұлғаның Қамтамасыз етуді енгізуі үшін қажетті корпоративтік шешімдері, соның ішінде ірі мәмілені немесе оны жасауға мүдделілік бар (егер қолдануға болса) мәмілелерді мақұлдау және/немесе жасау туралы шешімді тапсыруы тиіс; 10) шетелдік мемлекеттік органдар немесе ұйымдар берген құжаттарды тапсырған жағдайда мұндай құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тарабы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен және келісімдермен өзге қарастырылмаса, белгіленген тәртіппен заңдастырылуы немесе расталуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді тіркегеннен кейін Қатысушы Актив бойынша құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Data room) қол жеткізуге құқылы болады. Өтінімдерді қабылдау сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6-үй, «А» блогы, 1611-кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі және 2015 жылғы 24 сәуірде 10.00 сағатта аяқталады. Егер Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталған сәтте 1-ден кем өтінім берілсе, ол өтпеген деп танылады. Өткізілетін Ашық екі кезеңді конкурс туралы ақпарат Сатушының: www.railways.kz. веб-сайтына орналастырылған. Өткізілетін сауда-саттықтарға байланысты өтінім берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың өтінімдері үшін электронды поштаның мекенжайы мен телефон нөмірі: Активтерді басқару департаментінің директоры Рахымбеков Асқар Нұриденұлы 8-7172-60-35-01, Rakhimbekov_A@railways.kz Компания туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі 031240002398, мемлекеттік тіркеу туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 320-1910-07-АҚ куәлігі. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050028, Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Сортировочная көшесі, 14-үй. Қызмет түрлері: теміржол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, теміржол жылжымалы құрамы үшін қосалқы бөлшектер, негізгі жабдық тораптарының өндіру және қалпына келтіру, стандартты емес жабдық жасау, теміржол көлігінің және басқа салалар ұйымдарының теміржол жылжымалы құрамын, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеуге қажеттілігін қанағаттандыру, сыртқы экономикалық қызмет және басқа елдердің ұйымдарымен экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық немесе ажырағыссыз байланысты қызметтің басқа түрлері. Компанияның меншік иесі және Сауда-саттықты ұйымдастырушы. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары. Рентабельділік көрсеткіштері Көрсеткіш Есептеу формуласы 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл Өнімнің рентабельділігі, % Жалпы табыс /Өзіндік құны -3,31 -0,20 9,54 Сату (айналым) рентабельділігі, % Жалпы табыс / Сатудан кіріс -8,40 -14,43 -1,41 Меншікті капиталдың рентабельділігі, % Жалпы табыс / Меншікті капитал -16,88 -28,59 -3,88 Барлық капиталдың рентабельділігі, % Жалпы табыс / Теңгерім жиынтығы -9,43 -14,25 -1,82 «Бірлескен кіріс туралы» есептерден 2011-2013 жылдардағы және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер динамикасы /мың теңге/ Көрсеткіштер атауы 2011 2012 2013 2014 жылдың 1-жарты-жылдығы Өнімді сатудан және көрсетілген қызметтерден кіріс 5 902 022 4 522 747 6 085 195 3 369 600 Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны (6 104 084) (4 531 933) (5 555 472) (3 039 534) Жалпы табыс (202 062) (9 186) 529 723 330 066 Жалпы және әкімшілік шығыстар (342 493) (647 833) (507 831) (307 093) Өзге кірістер 30 059 192 667 30 149 38 688 Бағамдық айырмашылықтан шығын (1 857) (946) (221) Қаржылық кірістер 25 123 910 Негізгі құралдардың құнсыздануы бойынша шығыстар (36 500) Қаржыландыруға арналған шығыстар (4 961) (4080) (48 235) (24 133) Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) (519 457) (506 764) 2 983 38 217 КПН бойынша шығыстар/үнем 23 851 (137 918) (77 863) (13 105) Кезеңдегі жиынтық кіріс (шығын) (495 606) (644 682) (74 880) (51 718) Өзге жиынтық пайда (шығын), барлығы соның ішінде (8004) (11 071) Зейнеткерлік бағдарлама міндеттемелерінің белгіленген төлемдермен қайта бағалануы (8004) (11 071) Кезең үшін жалпы жиынтық кіріс (шығын) (495 606) (652 686) (85 951) 51 718 Компанияның өндірістік базасымен танысу. Осы хабарламаны алған және танысқан және сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлғалар сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін кез келген жұмыс күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Компаниямен және оның өндірістік қуаттарымен танысуға құқылы. Көрсетілген күннен кейін мұндай құқыққа тек сауда-саттыққа қатысуға белгіленген тәртіппен өтініш берген тұлғалар ғана ие болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді қараған және мұндай тұлғаларды ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешімдер қабылданғаннан кейін Компанияны қарау мен танысу құқығына тек сауда-саттыққа қатысу мәртебесі бар тұлғалар ғана ие болады. Компаниямен танысу ниеті бар тұлға Компания атына тиісті өтінім береді. Компания өтінімді алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге рұқсат хат береді, соңғысы оны көрсету бойынша оның өндірістік қуаттарын барып көруге құқылы. Өтінім берушілерді Компаниямен таныстыру Компанияның қызметкері болып табылатын және оның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тағайындаған ілесіп жүруші тұлғаның қатысуымен жүргізіледі. Компанияны барып көруші тұлғалар өздеріне құпиялық жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті (тиісті шартқа қол қою жолымен) және алынған мәліметтерді, құжаттарды және/немесе ақпаратты Сауда-саттыққа қатысудан басқа қандай да бір мақсаттарға пайдалануға құқылы емес. Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Компанияның өндірістік қуаттарының немесе жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия тұрғысы бойынша барып көру үшін жабық болуы мүмкін. Мұндай міндеттемелерді бұзатын тұлғалар құпиялылық бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және құпиялылық туралы шарттың талаптарына сәйкес жауапкершілік көтереді. Акциялар бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі. Акциялар бойынша құжаттама пакеті, соның ішінде Акцияларды сату-сатып алу шартының жобасын сатушының Makarin_A@railways.kz электрондық мекенжайына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, 1611-кабинеті мекенжайы бойынша тиісті сұрауды жіберу арқылы алуға болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған шектеулер. Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалар келесі талаптарға сай келуі тиіс: 1. Акцияларды сату-сатып алу шартын жасау үшін жеке тұлға іс-әрекетке қабілетті және заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеті болуы тиіс. Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтінім иесі заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе тиісінше куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғының тиісінше куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізбеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысы) сәйкес салығы жеңілдетілген мемлекеттердің резиденті болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтініш иесі Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжатты немесе өзге мемлекет резиденттігінің сертификатын ұсынуы тиіс; 3. Таратылу немесе банкроттық кезеңінде болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтінім иесі-заңды тұлға таратылу немесе банкроттық кезеңінде емес екендігін растайтын сенім хатын ұсынуы тиіс; 4. Қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтінім иесі-заңды тұлға оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте тоқтатылмағандығы туралы сенім хатты ұсынуы тиіс. Ашық екі кезеңді конкурсты өткізу тәртібі: Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар пакеттерді ашу ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күні жүргізіледі. Ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күннен бас­тап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды және өтінім иелеріне байқалған сәйкессіздіктер туралы телефондық байланыс, электронды почта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы хабарлайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде өтінім берген қатысушы байқалған сәйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе талаптарын өзгертетін мәліметтердің және құжаттардың берілуіне жол берілмейді. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде байқалған сәйкессіздіктерді жою үшін екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған (кемшіліктері жойылған) өтінімдерді және оған қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия аталған өтінімдерді ұсынған тұлғаларға ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру және екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушының ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңіне өзі немесе өзінің уәкілетті тұлғалары арқылы қатысуына құқы бар. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдерін Комиссия қараған соң, 15 жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия Сауда-саттықты ұйымдастырушымен әзірленген ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаның мазмұнын бекітеді, оған аталған бағалау критерийлеріне сәйкес Конкурстың ұсыныстарға қойылатын ең кіші талаптар көрсетіле отырып, Конкурстың ұсыныстардың мазмұны және бағалау критерийлері кіреді. Аталған ең кіші талаптар ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушылардан келіп түскен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде (алдын ала ұсыныстарды қоса алғанда) бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстарды беру үшін мерзімі, орны, уақыты және ұсыну тәсілі көрсетілген ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңі туралы хабарлама Комиссиямен бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушыларға алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыстық почталық жөнелтіммен, сондай-ақ электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі. Конкурстық ұсыныс ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушыларға мөр басылған конвертте жіберіледі. Конкурстық ұсыныс тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушының қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс. Конкурстық ұсынысқа қосымшалар (тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы Қатысушының қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс) жеке қоса беріледі. Конкурстық ұсынысы бар мөрленген конверттің бет жағында ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушы мыналарды көрсетуі керек: Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының толық атауы және почталық мекенжайы; Актив бойынша Құжаттама пакетінде және Сауда-саттық хабарламада көрсетілген осы тәріздес мәліметтерге сай болуы тиіс Сауда-саттықты ұйымдастырушының және Компанияның толық атауы және почталық адресі; Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы үшін Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы ұсынылатын Активтің атауы; Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды аяқтау уақытын және күнін көрсете отырып, «ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» жазбасы; белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған Конкурстық ұсынысы бар конверт ашылмайды және қатысушыға қайтарылады. Тиісінше ресімделген Конкурстық ұсыныс Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушымен Конкурстық ұсыныстарды беру үшін ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жіберіледі немесе ұсынылады. Ашық екі кезеңді конкурстың әрбір қатысушысы бір ғана Конкурстық ұсынысты беруге құқы бар. Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін ашық екі кезеңді конкурстың қатысушысы бұрын жіберілген Конкурстық ұсынысты кері қайтарып алуға немесе оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге құқы бар. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды және оларды Конкурстық ұсыныстарды тиісті тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін 30 минуттан аспайтын мерзімде ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада белгіленген мерзімде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашуды жүргізеді, оған ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуға құқы бар. Әрбір Конкурстық ұсыныс ашылғаннан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдері Конкурстық ұсынысы бар конверттегі материалдар мен құжаттардың тізбесін жариялайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Конкурстық ұсыныстар ашылған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оның көшірмесі Конкурстық ұсыныс берген қатысушыларға олардың сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушымен 2-ден кем Конкурстық ұсыныс алынған болса, онда ашық екі кезеңді конкурс өтпеді деп саналады, бұл жайында Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы тиісті хаттамада белгі жасалады. Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды және Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Комиссия хатшысына береді. Комиссия хатшысы Конкурстық ұсыныстарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комиссия оларды қарауды жүргізеді және тиісті қорытындылар жасайды. Бұл мерзім Комиссия шешімімен бір рет ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге. Комиссия Конкурстық ұсыныста көрсетілген немесе сауда саттыққа қатысу туралы өтінімдерді қарау кезінде алынған Қатысушының қаржылық, ұйымдық және басқарушылық және өзге мүмкіндіктері тәрізді Қатысушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, Конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша ашық екі кезеңді конкурстың жеңімпазын анықтайды. Бұл ретте Конкурстық ұсыныс ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңі туралы тиісті хабарламада бекітілген критерийлерге сай келуі тиіс. Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін Конкурстық ұсыныстар Комиссиямен кейін қайтарылады, бұл жайында ашық екі кезеңді конкурстың нәтижелері туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. Егер нәтижесінде 2-ден кем кері қайтарылмаған Конкурстық ұсыныстар қалса, ашық екі кезеңді конкурс өтпеді деп саналады. Комиссияның шешімі ашық екі кезеңді конкурстың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерімен және ашық конкурс қорытындыларын шығарған күнгі отырысқа төрағалық етушімен қол қойылады. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға және ашық екі кезеңді конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қосуға құқы бар, бұл жайында ең соңғы бетінде белгі жасалады. Ашық екі кезеңді конкурстың нәтижелері туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі қатысушыға тиісті сұрау берілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Ашық екі кезеңді конкурстың жеңімпазымен шартқа ашық екі кезеңді конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қойылады. Ашық екі кезеңді конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-520 телефоны бойынша алуға болады.