Тағзым • Бүгін, 07:58

Алаш тұлғасының аудиториясы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай университетінде Алаш арысы, тұңғыш математика оқулығы­ның авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.

Алаш тұлғасының аудиториясы

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ ғылымы мен білімінің іргетасын қалаған тұлғалардың рухани мұрасын жаңғырту, сондай-ақ ұлттық педагогика дәстүрі мен заманауи білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту. Дәрісхананың лентасын академик Мұрат Жұрынов пен әлемге танымал математик, академик Мұхтарбай Өтелбаев қиды.

Физика-математика факультеті­нің жанынан ашылған жаңа дәрісха­на заманауи оқу жабдықтары­мен, ин­терактивті тақтамен және ғылыми-әдістемелік материалдар­мен толық қамта­масыз етілген. Ауди­торияда Міржа­қып Дулат­ұлы­ның өмірі мен шығар­машылығын танытатын көрнекі ақпараттар, сирек басылымдардың көшірмелері және ағартушының әйгілі «Есеп құралы» атты еңбектерінің цифрлық нұсқалары орналастырылған.

Салтанатты басқосуды универ­ситеттің басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашып, Міржақып Дулат­ұлының педагогикалық және ғылы­ми мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

– Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатұлына дәрісхана ашуымыздың себебі айқын. Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университеті – тұңғыш жо­ғары оқу орыны. Ал осы тарихы әріден басталатын қасиетті қара шаңы­рақтың ашылуында Алаш арыстарының еңбегі өте зор. Ұлт мақ­таныштары Ахмет Байтұр­сынұлы, Халел Дос­мұхамедов, Ораз Жан­досов, Сан­жар Асфендияров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Қабылов, Бәймен Алманов, Темірбек Жүргенов дәріс оқыды. Әліпбидің тұңғыш авторы Ахмет Байтұрсынұлы секілді олардың көпшілігі талай істің тұңғыштары саналады. Қазірде ҚазҰПУ – көшбасшы педагогикалық оқу орны ретінде Қазақ­стан мен Орталық Азияда алдың­ғы қатарда тұр, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған академик, ғалымдар М.Жұрынов, М.Өтелбаев, М.Қойгелдиев, А.Жар­менов, М.Садыбеков, осы университет түлегі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев Міржақып Дулатұлының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметін баяндап берді.

Жиынның құрметті қонағы – Міржақып Дулатұлының жиені, ауди­торияның жасақталуына демеушілік жасаған «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев университет ұжымына ағартушы есімін ұлықтауға бағытталған бас­тама үшін алғысын білдіріп, біртуар тұлға ұрпақ­тары атынан ЖОО басшылы-ғына және салтанатты жиынға қатыс-қан мәр­тебелі қонақ­тарға «Міржақып Дулатұлы» медалін табыс етті.