Республика күні • Бүгін, 12:37

Тәжен ауылында медициналық пункт ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында 25 қазан – республика күні қарсаңында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Тәжен ауылында медициналық пункт ашылды

«Облыс орталығынан шалғайда, шекара маңында орналасқан Тәжен ауылында медициналық пункттің ашылуы – тұрғындар үшін қуанышты жаңалық. Бұған дейін медициналық қызмет Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясының құрамында көрсетіліп келген болса, енді тұрғындар өз ауылында заман талабына  сай медициналық көмек ала алады. Бұл нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №962 қаулысы негізінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынды. Әрине, медицина нысанының ашылғаны қуантады, бірақ ең бастысы – шақыртулар аз, халықтың дені сау болсын», деді Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев.

фото

Жаңа медициналық пункт заманға сай құрылғылармен жабдықталып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда екі медицина қызметкері еңбек етеді.

Маңғыстау облысы