21 Наурыз, 2015

Құрметті салымшылар!

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағ­дарламасының» негізінде жергілікті атқарушы органымен Ақтау қ., 32А-шағын ауданы мекенжайында орналасқан, небәрі 60 пәтер, 1 ш.м., бағасы 115 000 теңге, тұрғын үй құрылысы жөніндегі Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 3 тоқсаны. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдау уақыты болжам бойынша 2015 жылдың 1 шілдесінен 31 тамыз аралығында. Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен, ғимарат қасбеті және пәтерлер жоспарымен толығырақ танысуға болады.