Бұл ерекше көрініс Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының күніне арналған құрмет ретінде ұйымдастырылды. Дубайдағы Қазақстан Елшілігі аталмыш сәттің бейнежазбасын өздерінің Instagram парақшасында бөлісті.
- Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, – деп жазылған елшілік жарияланымында.