фото: spec-rental.com.ua
Бұл іс Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Үш жігітке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен «Ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылған.
«Азамат Ж., Ғ. және Д. 2025 жылғы 14 қазанда 15 сағат 10 минут шамасында Атырау қаласындағы кафенің алдында қоғамдық тәртіпті бұзып, алдау-қалжың (пранк) бейнежазбасын түсіру мақсатында қызды айқай-шумен күштеп көлік құралына отырғызған. Жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған. Олардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, фотосуретпен, бейнежазбамен және басқада материалдармен толық дәлелденді», деп хабарлады аталған соттан.
Сот қаулыларымен Ж., Ғ. және Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Құқық бұзушылардың әрқайсысына 78 мың 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», деп мәлімдеді соттан.
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.