Қаржы • Кеше

Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида дерегі анықталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 9 айда анықталған 8 қаржылық пирамиданың салымшылары 2 мыңнан асқан, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида дерегі анықталды

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Бекболат Әнесовтің мәліметінше, осы кезеңде 60 қылмыстық іс тергеуге алынған.

«Департамент қызметкерлерінің басты міндеті – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржылық құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Тергеуге алынған әр іс нақты дәлелдерге сүйеніп, мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге бағытталады. Жыл басынан бері 24 қылмыстық істі тергеу аяқталып, 22-сі сотқа жолданды», деді Бекболат Әнесов.

Оның дерегіне сүйенсек, анықталған залал сомасы 1,5 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл қаржының 964 миллион теңгесі қолма-қол қайтарылды.

«Мемлекетке қайтарылған жалпы залал көлемі мүлікке тоқтам салу шараларын қоса есептегенде, 3 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері 8 қаржылық пирамида дерегі тіркелді. Қаржылық пирамидалардың салымшыларының жалпы саны 2000-нан асты. Тергеу кезінде күдіктілердің есепшоттарынан 102 миллион теңге бұғатталды», деп мәлімдеді Бекболат Әнесов.

Сондай-ақ, акциздік маркасы 117 мың қорап темекі мен заңсыз айналымдағы вейп өнімдері тәркіленген. Ал жалған шот-фактура рәсімдеу арқылы 8 миллиард теңгеден асатын сомаға салықтан жалтару дерегі анықталған.

«Айыптылар кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 4 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы интернет желісінде тіркелген 3 135 сілтеме анықталып, 2 364-і бұғатталды», деп хабардар етті Бекболат Әнесов.