
Андромеда – аспан әлемінде айрықша әдемілігімен ерекшеленетін галактика. Сондай-ақ ол Құс жолының ең жақын көршісі. Жерден шамамен 2,5 млн жарық жылы қашықта орналасқан. Галактиканы күн батқаннан кейін шығыстан, ал таңға таяу солтүстік-батыстан көруге болады. Қараңғы түндерде қарасаң, оны көруге көз де жетеді. Ал айлы жарық түндерде телескоп не смартфон камерасының көмегімен де тамашалауға мүмкіндік бар.