
Орталық инновациялық технологиялар мен инженерлік білімнің негізіне айналмақ. Осы мақсатта орталықта «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану және бағдарламалау» оқу бағдарламасы енгізіліп, студенттер дрондарды жобалау, құрастыру, басқару және техникалық қызмет көрсетумен байланысты кәсіби құзыреттіліктерді меңгеретін болады.
Жобаға колледждің әлеуметтік серіктесі Халықаралық білім беру және инновациялар орталығы мен Қытайдың Zhongke Borui Education Technology Research Institute ұйымы қолдау көрсетті.
Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтың айтуынша, бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған және елдің инновациялық әлеуетін арттыруға үлес қосатын білім мен инновация саласындағы халықаралық тиімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі. Ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы еліміз бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға мүмкіндік алады.
Құзыреттілік орталығы инновациялық білім беру технологияларын енгізу, студенттердің робототехника, аэротүсірілім, 3D-картография және инфрақұрылымды мониторинг саласындағы практикалық дағдыларын шыңдайды. Педагогтер дрондарды оқыту үдерісіне даярланатын болады.
Колледжде алдағы уақытта халықаралық тренингтер, шеберлік сабақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша жарыстар ұйымдастырылып, шетелдік білім беру және технологиялық ұйымдармен серіктестік байланыстар кеңейтіледі деп жоспарланып отыр.
АЛМАТЫ